Туризм және қонақжайлылық саласында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және туристік қызметті ұйымдастыруда практикалық дағдыларға ие болады.
«Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру» білім беру бағдарламысында келесідей негізгі пәндер оқытылады: Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы стандарттау және сертификациялау, Демалыс және ойын-сауық саласындағы PR, Туризмдегі сақтандырудың құқықтық негіздері, Туристік өнімдерді жобалау және жылжыту, Экологиялық туризм, Қонақжайлылықтағы брондау жүйесі, Туризм және конақжайлылық индустриясының инфрақұрылымы, Қонақ үй-мейрамхана кәсіпорындарының сапасын басқару.
Іс-тәжірибе: Халықаралық туризм және меймандостық университеті БҰҰ Халықаралық туризм ұйымына мүше болғандықтан білім алушылар қазақстандық және халықаралық жетекші қонақ үй желілері мен туристік ұйымдарда, туристік агенттіктер мен туризм басқармаларында іс-тәжірибеден өтеді.
Білім беру бағдарламысын аяқтаған білімгер келесідей қызмет атқара алады: Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру менеджері, оның міндеттеріне кіреді: туризм және қонақжайлық көрмелерін ұйымдастыру, іс-шаралар ұйымдастыру, қонақ үйлерде (мейрамханаларда) әкімші, турагент, туроператор, туризм және қонақжай индустриясында кәсіпкер, мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық ұйымдарда және жеке консалтингтік компанияларда маман, туризм және қонақжай индустриясындағы маркетингтік қызметтер. Сондай-ақ экскурсиялық қызметтер саласында жұмыс істейді: экскурсовод, гид-экскурсовод, ұйымдастырушы-аниматор, туризм нұсқаушысының қызметін жүзеге асыру.
Бұл мамандықты бітірген студент қызметтерін туризм және қонақжайлылық индустриясының әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда атқара алады: Туризм және қонақжайлылық индустриясының әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар: мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, жеке компаниялар; республикалық, халықаралық туроператорлық және турагенттік компаниялар; орналастыру және тамақтану саласының кәсіпорындары; мәдени-демалыс қызметінің объектілері; санаторлық-курорттық және сауықтыру мекемелері; республикалық және халықаралық көрме орталықтары; орта кәсіптік оқу мекемелер мен орталықтары; балалар-жасөспірімдер және жастардың белсенді туризмінің орталықтары.