Техник-механик - технологиялық процесті, атап айтқанда, оны жүргізуді қамтамасыз ететін, дәнекерлеу жұмыстарын жүзеге асыратын, әртүрлі механизмдердің құрылғысын түсінетін, қалпына келтіретін және оларға қызмет көрсететін білікті маман. Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алып, одан әрі жұмыс істеу үшін студенттің физика, химия, математика, сызу саласында білімі болуы тиіс.
Техник-механик мынадай жұмыс түрлерін орындайды:
- жабдықтарды жөндеу;
- жабдықтың техникалық жағдайын сүйемелдеу;
- қажетті есептеулерді жүргізу және техникалық құжаттаманы ресімдеу;
- өнімнің ақау себептерін анықтау;
- дәнекерлеу жабдықтарын жөндеу кестесін құрумен айналысады.
Бұл мамандықтың артықшылығы - көптеген технологияларды меңгеруінде, өйткені кез келген өндірісте, құрылыста металлоконструкциялар, станоктар, металл бөлшектері қолданылады. Мансаптық өсу, разрядты көтеру мүмкіндігі бар. Табысты жұмыс істеу үшін техник-механиктің бойында мынадай бірқатар жеке қасиеттер болуы қажет: зейінділік, ұқыптылық, жауапкершілік, көзбен шамалау дәлдігі.
Бұл мамандықтың кемшілігі - маманның жабдыққа, бұзылған жабдыққа, әсіресе егер өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда материалды жауапты болатындығында. Жұмыс үлкен дене жүктемесімен байланысты. Көбінесе қолайсыз ауа-райы кезінде үй-жайдан тыс жерде жұмыс істеуге тура келеді. Денсаулыққа тигізетін қаупі бар.
Қазіргі таңда өнеркәсіп алдын-ала қарастырылған параметрлерге сәйкес өнім шығаруға бағытталған, олардан ауытқуға жол берілмейді. Сондықтан жақын арада еңбек нарығында осы біліктіліктің білікті мамандарына тұрақты сұраныс байқалатын болады.