Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Телематика"

«Телематика» термині - бұл «теле» — алыс және «матикос» — қозғалыстағы деген екі грек сөзінің бірігуінен жасалған туынды сөз. Қарапайым тілмен айтқанда, телематика — бұл IT процестерді алыстан басқару. Телематиканың негізгі принципі - түрлі салаларда бизнес процестерді басқарудың виртуализациясы мен зияткерленуі. Бұл айтарлықтай жас мамандық, алайда телематика облысындағы маман болашақта кез келген кәсіпорынның ажырамас бөлігі боп табылады. Бұл маман алыс қашықтықтарға үлкен ақпараттық массивтерді жинау, қолдану және таратуды бақылайды, жекелеген техникалық құрауыштарды ортақ ақпараттық жүйеге біріктіреді, оны басқарады.

 

«Телематика» бағдарламасының түлектері - бұл шетел тілдерін меңгерген ІТ саласындағы көп бейінді мамандар. Олар әлем мен Қазақстанның жекелеген сандық болашағын жасайды және экономиканың кез келген саласында жұмыс істей алады:

  • Денсаулық сақтау телематикасы;
  • Навигациялық жүйелер;
  • Әуежайлар мен теміржол бекеттерінде жолаушылар мен жүк ағындарын ақпараттық басқару;
  • Қауіпсіздік пен басқару жүйелері;
  • Ғимараттарды (өндірістерді) автоматтандыру және «Ақылды үй» атты қашықтықтан басқару жүйесі;
  • Мониторинг пен күзет жүйелері;
  • Білім беруді автоматтандыру;
  • Қызметтер телематикасы (бизнес, үкімет, коммерция, логистика).
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз