Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

Білім бағдарламасы:

Код:

--
"Есеп техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"

Қазіргі таңда программист мамандығы өте қажетті. Алдымен бұл компьютерлік технологиялардың және  Интернеттің дамуымен байланысты  болып келеді. Мұндай мамандар мәтіндік редакторлерді, сайттарды, ойындарды, видеобақылау жүйесі, сигнал беруді әртүрлі программалармен өңдеу үшін жұмыс жасайды.

 

Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Шон Паркер, Торвальдс Линус… бұл тұлғалар программалау саласында ерекше таланттарымен атақты болды. Мұндай ортадағы жұмыс ер адамдарға арналған, бірақ бірінші программист болып әйел адам саналады. Ол атақты ағылшын ақыны Байронның қызы – Ада Лавлейс. Оның арқасында есептеулерді басқарудың бірінші амалдары пайда болды, олар әлі күнге дейін программалауда қолданылады.

 

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету »  мамандығының студенттері ақпараттар теориясы, компьютер архитектурасы, есептеу жүйелерін ұйымдастыру, мәліметтер базасының негіздері, жүйелік программалық қамтамасыз ету, компьютерлік және инженерлік графика,   Internet –технология, компьютерлік желілер, сандық модельдер, экономикадағы математикалық тәсілдерді басқарудың модельдері мен әдістері, экономикалық теория, операциялық жүйелер, программаларды өңдеудің инструменталды құралдары, компьютерлік жүйелердің интерфейстері туралы білімді игере алады.

 

Кәсіби қызмет саласы – әртүрлі салаларда есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар.

 

Лауазымдар тізімі: бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу жөніндегі маман, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы, жүйелік инженер, желілік әкімші, дерекқорды талдаушы, дерекқорды әкімшілендіру жөніндегі маман, Web-әзірлеуші, қосымшаны әзірлеуші, қауіпсіздік мәселелері жөніндегі маман.

Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз