Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

60 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейтін «Қазақмыс» корпорациясы жұмысты ұйымдастырудың жаңа технологиялары мен әдістерін үздіксіз дамытуға және енгізуге байланысты кадрлық әлеуетті тұрақты нығайтуға, оның біліктілік деңгейін арттыруға мұқтаж. Мұндай жағдайда «Қазақмыс» корпорациясы өнеркәсіптік өндіріспен тығыз байланысты кадрларды үздіксіз даярлау мен қайта даярлаудың ішкі интеграцияланған жүйесін әзірлеп, енгізді. Онда өз оқу орындарын құруға, дамытуға және жетілдіруге маңызды орын берілген.

 

«Қазақмыс» корпорациясы «ЖШС Басқармасының 16.03.2009 ж. шешімімен 2009 жылы Балқаш қаласында «Қазақмыс» Корпорациясының политехникалық колледжі құрылды. Оқыту күндізгі, сырттай және қысқартылған нысандар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

Колледжді Айгүл Шаяхметқызы Сыздықова басқарады. Оқу-тәрбие жұмысын жоғары білікті оқытушылар құрамы жүргізеді, оның құрамына оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіруге, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлетін тәжірибелі оқытушылар кіреді. Кадрлық әлеуеті: оқытушылар құрамы-60 адам, штаттық оқытушылар – 100%, оның ішінде жоғары және бірінші санатты – 40%, жоғары санатты – 7, бірінші санатты -17, екінші санатты – 5, 3 ғылым кандидаты, 4 магистр.

 

Орта кәсіптік білім мазмұнына қойылатын жаңа талаптар және оның нәтижелерін бағалаудың жаңа тәсілдері колледждегі әдістемелік жұмысты жаңарту бойынша мүлдем жаңа міндеттер қояды. Осы бағытта жұмыс істей отырып, колледждің әдістемелік қызметі ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдірудің жаңа жолдарын іздейді. Колледжде оқытушылар тәжірибеге бағытталған (қолданбалы), ғылыми-зерттеу, шығармашылық, ақпараттық жобаларды пайдаланады.

 

Барлық тәрбие жұмысы «Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық ұйымымен, «Қазақмыс» Корпорациясының жастар одағымен, «Мұрагер»қалалық жастар ұйымымен тығыз байланыста жүргізіледі. Колледжде техникалық шығармашылық тобы жұмыс істейді, онда балалар металлургиялық кәсіпорындар жабдықтарының қолданыстағы макеттерін жасау бойынша қызығушылықпен жұмыс істейді.

Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай.
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай.
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай.
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай.
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай.
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай.
Бір жылға бағасы
Оқу мерзімі
3 ж. 10 ай.

Құжаттар тізімі:

 

  • Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • 6 дана көлемінде 3х4 см фотосуреттер;
  • флюоросуреті қоса берілген № 075 нысандағы медициналық анықтама;
  • Әлеуметтік осал топтарға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері;
  • Сұхбат
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз