Сайттағы сауда маркалары мен логотиптер иелерінің меншігінде.
"Артекс" баспа-полиграфия фирмасымен барлық құқықтар қорғалған 2024 ж.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылған болатын. Қазіргі таңда жыл сайын ҚР Туризм және спорт министрлігінен арнайы 800 грант бөлінеді.

 

Университет ең үздік оқытушы құраммен толыққан. Себебі мұнда Қазақстандағы туризм саласы бойынша PhD докторлардың тең жартысы сабақ береді.

 

Қазіргі таңда университетте 11 білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісі жүреді:

  1. Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру
  2. Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру
  3. Халықаралық және ішкі туризм
  4. Қонақ үй және мейрамхана бизнесі
  5. Туристік дестинациялар менеджменті
  6. Tourism Guide Service
  7. Ивент менеджмент
  8. Спорттық сауықтыру фитнесі
  9. Спорттық туризм
  10. Дене шынықтыру және спорт
  11. Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық

Бүгінде университет Түркия, Франция, Польша, Словакия, Таиланд, Малайзия және т.б. жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге ие. Яғни, білім алушы жоғарыда аталған мемлекеттерде арнайы тағлымдамадан өтіп, өндірістік тәжірибе жинай алады.

 

Университет ерекшелігі – дуальды оқыту жүйесі қолға алынған. Яғни студент оқып жүріп, білім ордасы келісімшартқа отырған нысандарда ақылы түрде жұмыс істей алады. Мысалы, IUTH серіктестерінің бірі – RixosWaterWorldAktau. Мұнда студенттер тәжірибеден өтіп, әрі еңбекақы алады. Одан әрі студент өзін жақсы жағынан көрсетіп, жұмыс барысында үздік нәтижелерге қол жеткізетін болса, ресми түрде жұмысқа орналасады. Мұнымен қатар оқу үлгерімі жақсы болса, шәкіртақысы да сақталады. Университет осы секілді бес жұлдызды қонақүйлер мен туристік нысандармен ынтымақтастық орнатқан.

 

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің грантына үміткер болу үшін университеттің қабылдау бөліміне барып құжат тапсыру қажет. Ал алыс өңірлерде тұратын талапкерлер өтінішті университеттің iuth.edu.kz ресми сайтына кіріп, онлайн қалдыра алады.

Жатақхана бар
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Бір жылға бағасы
450000 тг
Оқу мерзімі
4 жыл
Түркістан, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14А

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 20 маусымынан бастап 19 тамызына дейін жалғасады. Алыс өңірлерде тұратын талапкерлер өтінішті университеттің ресми сайтына кіріп онлайн түрде бере алады  https://talapker.iuth.edu.kz/

 

Қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

  1. Ректор атына өтініш (Қабылдау комиссиясында толтырылады);
  2. жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  3. 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  4. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
  6. ҰБТ сертификаты;
  7. Дело-скоросшиватель, А5-фораттағы конверт.

 

Байқау нәтижелері 2024 жылдың 20-21 тамыз аралығында жарияланады.

utg-turkestan-1jpg.jpeg Международный университет туризма и гостеприимства
Егер сайтта жарнама,
немесе қате тапсаңыз,
төмендегі форманы толтырыңыз