Алматы энергетика және байланыс университеті (Energo University) 1997 жылы 10 қаңтарда 1975-1997 жылдар аралығында жұмыс істеген Алматы энергетикалық институтының (АЭИ) негізінде құрылды. Бұл коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар алғашқы мемлекеттік емес техникалық университет. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 2013 жылы әзірге екі мамандық бойынша ағылшын тілінде оқыту басталды: «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және «Электр энергетикасы». 1989 жылы Алматы энергетикалық институты Қазақстанда бірінші және Кеңес Одағындағы санаулылардың бірі болып КСРО Мемлекеттік білім беру мемлекеттік инспекциясының комиссиясымен аттестатталды. АЭИ-да мамандар даярлаудың жоғары деңгейі ресми түрде одақтық деңгейде танылды, бұл сөзсіз студенттер, оқытушылар ұжымы мен институт басшылығының табысы болып табылады. «ЭТ ОҒК» 1997 жылдың мамыр айында коммерциялық емес акционерлік қоғам мәртебесі бар Алматы энергетика және байланыс институты болып қайта құрылды. Жаңа институттың ректоры болып Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеев сайланды. 2010 жылдың шілде айынан бастап Алматы энергетика және байланыс институты магистранттар мен PhD докторанттарын даярлау құқығымен университет мәртебесін және «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (АЭжБУ) жаңа атауын алды.
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті — энергетика, телекоммуникация, IT-технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, ғарыштық инженерия, робототехника және жасанды интеллект салаларында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын Орталық Азиядағы жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі.
Байланысқан оқу орындары
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 1 ақпаннан 25 тамызға дейін.
Грантқа өтінім беру мерзімі: 13 маусымнан 20 шілдеге дейін.
Студенттер қатарына қабылдау: 10 тамыздан 25 тамызға дейін.
Университеттің қабылдау комиссиясына оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішке қоса беріледі:
1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім туралы құжат (түпнұсқа);
2) білім беру грантын беру туралы куәлік (ол болған кезде);
3). ҰБТ сертификаты;жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 см фотосуреттер - 6 дана.;
4) № 075-У нысанындағы медициналық анықтама және флюорография суреті (түпнұсқа);
5) жеке куәлік (көшірме);;
6) профилактикалық екпелер картасы (№063-У анықтама, көшірме);
7)Тіркеу куәлігінің көшірмесі (ұлдар үшін);
I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қосымша басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттарды тапсырады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті