Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өзінің мәртебесіне сәйкес, оқу барысында инновациялық және озық әдістерді пайдалана отырып, ауылшаруашылығы мамандарын даярлау, сапасын арттыру дәстүрін берік ұстанып келеді.
Білім берудің әлемдік деңгейіне жету бағытында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Соның арқасында университет Еуропалық білім беру кеңістігіне еніп, Болон декларациясына қосылды, көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты. Университет мамандарды бакалавр – магистр – PhD докторы секілді үш деңгейде даярлау жүйесіне көшті. Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.
Қазіргі уақытта университет әлемнің алдыңғы қатарлы 140 жоғары оқу орнымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық құруда. Төменде аталған 15 халықаралық жоғары білім және ғылым қауымдастықтары мен ұйымдарының мүшесі болып табылады. Университетте АҚШ, Еуропа, Тынық мұхиты елдерінің алдыңғы қатарлы серіктес жоғары оқу орындарымен 11 Екі дипломды бағдарлама жүзеге асырылуда. Мысалы, Варшава жаратылыстану ғылымдары университетімен (Польша) «IT-технологияларды пайдаланып, су ресурстарын басқару» Екі дипломды магистрлік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Университет 56 бакалавриат, 3 – арнайы жоғары білім, 89 – магистратура және 21 – PhD докторантура бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырып келеді. 26 кафедраны қамтитын 6 факультетте 7 мыңға жуық адам білім алуда. Оның ішінде 449 магистрант, 167 PhD докторант бар, бұл білім алушылардың 15% құрайды. Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша білім алушылардың үлесі 56,8%.
Байланысқан оқу орындары

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті